Шымкентте патрульдік полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

544
22.09.2022 09:39

Шымкентте патрульдік полиция полкінің қызметкері 120 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше болған. Патрульдік полиция полкінің қызметкері қала аумағындағы жол-көлік оқиғасына қатысты азаматтан 120 мың теңге пара алу кезінде қолға түскен.

«Аталған жайт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Шымкент қаласы полиция департаментінің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп, аталған бағыттағы мәселелер қатаң бақылауда екенін хабарлаймыз», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.