Түркияда ресейлік тікұшақ құлады

158
22.09.2022 08:57

Түркияда орман өртін сөндіру кезінде тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан Ресей Федерациясының екі азаматы қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Түркия Орман шаруашылығы бас басқармасының Twitter-дегі парақшасында жазылған.

Сәрсенбі күні Мармарис аймағындағы Мугла провинциясында шыққан орман өртін сөндіру үшін Денизли провинциясының Чардак аймағында құлаған тікұшақ әуежайдан Кастамона қаласына жол тартты, – делінген хабарламада.

Жараланғандардың үшеуі Ресей азаматы, ал екеуі Түркия азаматы. TRT Haber телеарнасы RА-31591 нөмірлі ресейлік КА32 тікұшағы жалға алынғанын хабарлады.