Қытайда әділет министрі пара алғаны үшін өлім жазасына кесілмек

303
22.09.2022 06:24

Қытай соты Қытай Халық Республикасының бұрынғы әділет министрі, қоғамдық қауіпсіздік министрлігі басшысының бұрынғы орынбасары Фу Чжэнхуаға пара алғаны үшін өлім жазасын тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

22 қыркүйекте Цзилинь провинциясының Чанчун қаласының орта деңгейдегі халық соты экс-министрді сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп таныды. Өлім жазасына кесу екі жылға кейінге қалдырылған.

Фу Чжэнхуа өзінің лауазымын жеке басының пайдасы үшін пайдаланды, жеке адамдарға бизнес жүргізуге көмектесіп, інісінің қылмыстарын жасырған. Атап айтқанда, тергеу мәліметтері бойынша, парақор министр 117 миллион юань (шамамен 16,5 миллион доллар) пара алды.

Сотталушы кінәсін мойындап, заңсыз алған ақшасын қайтарған. Сот екі жылдық кейінге қалдырудан кейін өлім жазасын шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстыру мүмкін екенін атап өтті.

Чжэнхуа 2013-2018 жылдар аралығында қоғамдық қауіпсіздік министрлігі басшысының орынбасары, 2018-2020 жылға дейін әділет министрі қызметін атқарды.