Кентауда канализация мәселесі шешілуде

253
22.09.2022 04:51

Қолақаны қабатын иіс. Кентауда жаңадан салынған 10 көпқабатты үй тұрғындары   екі жылдан бері нәжістің исіне тұншығып өмір сүрген. Тпті, соның кесірінен аумақта маса-шыбындар қаптап кетіпті.  Өйткені, сол кездегі жергілікті билік кіре берістегі кәріз суы құйылатын аймаққа жағдайы төмен отбасыларға арнап үй салып берген.  Демалу мүмкін емес деген тұрғындар шағымынан соң, бұл іс қайта қолға алыныпты. Тақырыпты толығырақ тілші жалғастырады.  

Терезені қысы-жазы ашпайтынбыз. Көп қабатты үй тұрғындары өткен жаздың осылай өткенін айтады.  Ол кезде сыртқа шығып отырудың өзі мұң еді - дейді тұрғындар.

ИНДИРА АМАНТАЕВА - КӨП ҚАБАТТЫ  ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНЫ: «былтыр берілген бұл үйлер. сасық иіс деген ураган еді ол кезде. иістер нашар болатын. маса көп болатын. есіктің алдында отыра алмайтын едік. иіс дегеннен терезені ашамыз, амал жоқ. қайта жабамыз. далаға шықсақ, үйге кірсек исі шығады». 

Нәжіс суы жиналатын аймақ 48 гектарды алып жатыр. Оның жанынан заң бойынша 500 метрге дейін баспана тұрғызуға мүлде болмайды. Ал, мұндағы кәріз суы мен  көпқабатты үйлердің арасы 70-метр ғана. Ережені белден басқандарын  ақ жағлылалрдың өзі де растап отыр. Енді, ол үшін миллиардаттаған ақша бөлініп салынған үйдің бұзылмасы анық. Сондықтан атқа мінерлер оның басқаша жолын тауыпты. 

БАҒЛАН МАМАДАЛИЕВ – КЕНТАУ ҚАЛАСЫ "АЩЫСАЙ-СУ" МКК ДИРЕКТОРЫ: «Осы жөндеу жұмыстарына 4 насос жүйелерді енгізе отырып жұмыстарды жүргізу жоспарланған. Төрдегі карталарды тереңдете отырып су өтеді деген бетттерін қайта жөндеп, оны бетондау сметада қарастылған. Трубамен тікелей картаға құйылады. Содан тұрғындарға сасық иіс келмиді. 800 метр құбыр тасталып қойылды. Көмуден бөлек насостарға тапсырыс берілген.

Мердігер мекеме тарапынан су жиналған  аумақтың кейбір бөлігін көму жұмыстары қарқынды жүруде. Мамандардың сөзінше, бұл жұмыстар  экологиялық талаптарына сай жүзеге асады. Биліктегілердің осы ісінен кейін, тұрғындар қолқаны қабатын күлімсі иістен әжептеуір құтылғанын айтады.  

КҮЛАЖАР ЖҰМАНОВА – КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНЫ - БҰРЫН ИІС БОЛЫП, ЖАМАН БОЛЫП ОТЫРАТЫН ЕДІК. ҚАЗІР ЖАҚСЫ БОЛЫП ОТЫР. ИІС КЕТІП, ТАЗА АУАҒА ШЫҒЫП ОТЫРМЫЗ. БҰРЫН ШЫҒАМАЙТЫНБЫЗ. ИІС БОЛЫП, ЖАМАН БОЛЫП. 

Мердігер компания жоспарға сай  мұндағы 5  карьерді көмуі тиіс. Жұмыстар қыркүйекте  басталған. Қазірдің өзінде  4-еуі яғни, үш жарым гектар аумақ толықтай көмілген. Және де әлгі 600 тұрғын үйден  400-метр әріде  орналасқан.