Түркістан қаласындағы жаңадан салынған көпқабатты үйлердің тұрғындары биыл алдыңғыдай қысты көгілдір отынсыз өткермейді. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары осылай деп сендірді. Ол үшін қазірде жылу қазандықтары 100 пайыз дайын тұр екен. Тиісінше сығымдау, ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілген.
РОЗА САРИЕВА - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Облыста барлық орталықтандырылған жылу қазандықтары 100 пайыз дайын. Оның ішінде Кентау қаласында орналасқан жылу энергия орталықта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталады деп күтілуде. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 626 көп қабатты тұрғын үйлердің 600 үйі қазіргі кезде дайын. Қалған 26 үйі дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дайындық 95 пайызды құрап отыр.
️