Елімізде мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту бағдарламасының 3-кезеңі басталды. Қазіргі таңда түркістан облысына 44 ұстаздың орны бос тұр екен. Әсіресе, орыс тілді мектептеріне сабақ беретін мұғалімдерге сұраныс жоғары. Жоба бойынша өтініш қабылдау онлайн түрде 4-қазанға дейін жалғасады. Ал, тест тапсыру үшін педагог өз өңіріне ең жақын деген назарбаев зияткерлік мектебіне баруы керек.
Осыған дейін бұл бағдарламаның 2 кезеңінде 285 мұғалім түркістан облысында еңбек етуге ниет білдірген.Оның ішінде 26 педагог арнайы тестілеуден өтіп, бүгінде 15 ұстаз түрлі білім ошақтарына жұмысқа орналасқан. Ал, қалған 11 үміткер ауа райының қолайсыздығы мен мұндағы жағдайға көңілі толмағандығы үшін өз өтініштерін кері алыпты.
️