Қарағанды облысында жол апатынан 2 дәрігер көз жұмып, тағы 8 қызметкер жарақат алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ақ халаттылар мінген автобус Балқаш қаласындағы "Қазақмыс" компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден қайтып келе жатқанда жүк көлігімен соғысқан. Қайғылы жағдай 19 қыркүйек күні сағат 19:30-да Қарағанды облысындағы Сарышаған ауылының жанында болған. Дәрігерлерден бөлек жүк өлігінің тағы 2 адамы қазақ тапқан. Министрлік мәліметінше қос бірдей медицина қызметкері ондаған жылдық тәжірибесі бар білікті мамандар болған.
️