Түркістан қаласы полиция қызметкерлері спортшылармен кездесті

1386
22.09.2022 04:33

Бүгін Түркістан қаласы бойынша барлық спорт мектептерінің жаттықтырушыларына арналған мәжіліс өтті. Басқосуды Түркістан қаласы полициясы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармалары бірлесіп ұйымдастырған. Мәжіліске 300-ге жуық спортшы қатысты. Шараның жалпы мақсаты жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. 40 минутқа созылған жиында осы тақырып кеңінен түсіндірілді. 

БАУЫРЖАН ЖАНАЕВ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ - Бүгінгі жиынның мақсаты  спорт секцияларының келіп жүрген Түркістан қаласы тұрғындары және де жастардың арасындағы оның ішіндегі қылмысты болдырмау. Және де қылмыстың алдын алу. Құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Осы сұрақтарды кеңінен талқыладық. Жалпы қорыта айтқанда осы Түркістан жастарына жарқын болашақ сыйлау.

Жиында қаланың бас полицейі жастарды сіз бен біз болып, қоғам болып тәрбиелеуге шақырды. Сонымен қатар жігіттің намысты, мінезді болуы керек екендігін де тілге тиек етті. Жастардың білімді болғанымен қатар білекті, шымыр болғаны маңызды. Себебі көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатып, ел мерейін асқақтататын жалынды азаматтардан ел көп үміт күтеді. Бұл бағытта ұстаздар және полиция қызметкерлері бірлесіп жұмыс жасаудан бөлек ата-аналардың да орны мен рөлі жоғары.