Келесте 2 мектеп пен мәдениет үйі салынады

190
22.09.2022 04:22

Түркістан облысы, Келес ауданында жаңа ғимараттар бой көтермек. Алғашқысы Біртілек ауылдық округінде 300 орындық екі мектеп болса, кейінгісі 200 орындық мәдениет сарайы. Олардың бірі мемлекет қаражаты есебінен салынады. Ал екіншісін жеке кәсіпкер өз қалтасынан қаржыландырмақ. Бұл туралы аудан әкімі Ақментай Есбаев тұрғындармен кезДесу барысында айтты.

Сондай-ақ басқосуда Ақментай Үсенұлы аудандағы өзге де мәселелер жөнінде сөз қозғап, Мемлекет басшысының 1-қыркүйекте өткен жолдауына тоқталды. Айтылған реформалардың нақты 5 бағдарын айшықтап берді. Айта кетейік, тұрғындар сұранысы негізінде биыл Біртілек ауылдық округінде ұзындығы 10 шақырымдық 5 көшеге асфальт жабындысы төселген болатын. ОдаН бөлек, жоспарға сәйкес бірнеше елді мекендерге аяқжолдар төселіп, түнгі жарық шамдар орнатылмақ. Бұл Президенттің жергілікті жолдардың жақсы жағдайға үлесін 95 пайызға жеткізу  тапсырмасының орындалып жатқанын көрсетеді. Ауыл тұрғындары бұл жұмыстарға дн риза.