Түркістан облысы Ордабасы ауданында жергілікті шаруалар жүгері жинауды бастап кетті. Әсіресе, Төрткүл ауылындағы алқабының асты-үстіне түсіп, 70-ке келсе де тракторды өзі айдайтын Кенжебек Сыздықовтың биыл терімі жақсы болмақ. Шаруаның тірлігімен арнамыздың түсірілім тобы танысып қайтты.
Кенжебек Сыздықов жүгері өсірумен ондаған жылдан бері айналысады. Тарихтан бәріне мәлім, КСРО Бас Хатшысы Никита Хрущевтың АҚШ-қа сапарынан кейін жаппай жүгері егу науқаны басталған еді. Кейбіреу ойлауы мүмкін, бұл дәнді дақыл, базарда тұздап жегеннен басқа неге жарайды деп. Алайда, төрт түлік үй жануары да жүгеріні құмарлана жейді. Сондықтан, мал бордақылаймын деген азаматтар, Кенжебек Сыздықовтан бір түйірін қалдырмай сатып алып кетеді екен. Биылғы өнімге шаруа көңілім толады дейді.
КЕНЖЕБЕК СЫЗДЫҚОВ - ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ - Мынау көріп тұрғандарыңыздай жүгері. Жалпы, жүгерімнің түсімі жаман болмайды деп ойлаймын. Сол 130-140 тың көлемінде өнім аламын ба деген ойым бар. Биыл су мәселесі өте жақсы болды. Уақытылы суғардық. Соның арқасында осындай өнімге қол жеткізіп отырмын деп ойлаймын.
Дегенмен, мәселе де жоқ емес. Ауыл, аудан және облыс тарапынан қолдау болса да, бюрократияның құрбаны болып жатамыз дейді шаруалар. Яғни дихандар минералды тыңайтқышты уақытылы, тиісті көлемде ала алмаған. Мұндай олқылық болмағанда бұдан да көп мөлшерде егін алар едік дейді қожалық меңгерушісі.
ҚАЙРАТ НҰРМАХАН - ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ - Бізде бір мәселе болып тұрғаны. Тыңайтқыштар, мынау селитра дейді ғой. Соларды алуымыз қиындау болып қалды. Уақытында ала алмадық. Бізге әкімдіктен бар ғой қолдау, бірақ, жоғары жақтан жетпей жатыр. Бұл ауылдың нелері істеп жатыр ғой уақытылы. Істейді. Аламыз дейді. Бірақ, жоғары жақ бермейді бізге. Уақытылы жеткізбейді. Сөйтіп кешігіп қалдық. 01:40
Десек те аз да болса техника бөлшектері және жанар-жағармайды субсидиялауға бөлінген қаражатқа бір жыртығын жамаған. Сондай-ақ қазірде өнімді ішкі нарыққа саудалап, табысқа кенеліп отырғанын жеткізді.
️