Түркістанда 4-ші республикалық жас патриоттар форумы өтті. Оған еліміздің әр аймағынан 400-дей елжанды бала қатысты. Олардың барлығы «Жас патриоттар» академиясының мүшесі. Мерекелік шара барысында талантты балалар өз өнерлерін ортаға салып қана қойған жоқ, сонымен қатар тіл мен дінге, ел мен жерге қатысты өз ойларын ортаға салды.
АЛДИЯР ХАСЕНОВ - ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ /ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ - Мынадай форумдар балаларға ұйымшылдықты біріктіріп, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз. Балаларды патриотизмге баулимыз. Сонымен қатар өзіміздің командамызды құрып, балалардың патриоттық рухын көтереміз.
Айта кетейік, «Жас патриоттар» академиясы 2016 жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» жанынан құрылған болатын. Мақсаты – Отансүйгіш, рухи биік, намысты жастарды тәрбиелеп шығару. Содан бері жыл сайын жас патриоттар бас қосып, форум өткізіп келеді. Әлемдік пандемияға байланысты соңғы 2 жылда өтпей қалған еді. Биыл ұйымдастырушылар дәстүрлі шараны Түркістанда өткізуді жөн санапты. Қазір еліміздің əр аумағында ұлттық рухтың уызына жарыған 3 мыңнан астам бала осы академияның мүшесі саналады.
ТІЛДӘШ БИТУОВА - АРДАГЕР ҰСТАЗ - Отбасындағы ата-аналарын, туған-туысқандарын құрметтеу, ұстаздарын құрметтеу, жерімізді, елімізді, өлкетану – барлығы сол балаларды еңбексүйгіш қылып, жақсы оқытып, отаны сүюге тәрбиелеу. Бұл қарлығаштың аузымен су тамызғандай дүние деп танып едік басында, қазір жоқ одан ауқымы кеңейіп, жақсы өріс алып келе жатыр.
️