Төлеби ауданындағы төтенше жағдайға бір жыл болды

174
14.06.2021 22:31

Бүгін Төлеби ауданындағы төтенше жағдайға бір жыл. Дәл осы күні көктемде жауған нөсерден сел жүріп, Леңгір қаласындағы тұрғын үйлерді басып қалған еді. Арнайы комиссия қорытындысымен, 42 үй жарамсыз деп танылды. Табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар күшейтіліп, шұғыл штаб құрылды. Арада үш айдың ішінде қираған, құлаған үйлерді сырып тастап, орнына жаңа үйлер тұрғызылды. Қолайсыз деп танылған таулы аймақ тұрғындарына жаңа мөлтек ауданнан үйлер бой көтерді. Жалпы аумағы 3 мың шаршы метрге жуық баспаналарды 9 мердігер мекеме салып берді.