Түркістан облысындағы жергілікті жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі биыл 92 пайызға дейін артады. Ол үшін 779 нысан немесе 2 мың шақырым көшеге құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Олардың талапқа сай салынуын Ұлттық сапа орталығының облстық филиалы жіті қадағалайды. Алайда, Битум тапшылығы мен нарықтағы бағасының күрт қымбаттауы жол жөндеу жұмыстарына тұсау болуы мүмкін. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтың мәлімдеуінше, кен орындар, карьерлер орналасқан аумақтардан облыстық маңызы бар 1000 шақырымға жуық автомобиль жолдары арқылы ауыр жүк көліктері қатынайды. Бұл жолдардың мерзімінен бұрын жарамсыз жағдайға жету қаупі артуда. Сондықтан балама жолдарға автоматтандырылған өлшеу станциясын орнату ұсынылды. Карьерлерге таразы орнатылуын міндеттеу де маңызды.
️