Медициналық емес қызметкерлердің жалақысы өседі

337
21.09.2022 04:22

Денсаулық сақтау саласындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақасы 2025 жылға дейін жыл сайын 20 пайызға артады. Қазір дәрігерлердің орташа айлығы - 350 мың теңге, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы - 230 мың. Ал,  жедел жәрдем жүргізушілері 100 мың теңге алады. Министр Ажар Ғиният Маңғыстаудағы фельдшерлер наразылығына қатысты пікір білдірді. Олардың еңбекақылары біртіндеп ұлғаяды. Алайда, жүргізушілердің айлығын дәрігерлермен теңестіру мүмкін емес деді ол. Естеріңізге салайық, Маңғыстауда фельдшерлер мен жедел жәрдем жүргізушілері жалақы өсіруді талап етіп, бір аптаға жуық жұмысқа шықпай қойған еді. Қазір жағдай реттелді.