Биыл Министрліктердің 111 қызметкері пара алған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 20 пайызға көп. Мәселен, бір ғана Қаржы министрлігінің 33 қызметкері бармақ басты көз қысты әрекетке жол берген. Өңірлік тұрғыда сыбайлас жемқорлық жасаған министрлік қызметкерлерінің басым бөлігі Алматыда анықталған. Екінші және үшінші қатарда Шымкент және Алматы облыстары тұр. Керісінше, ең аз құрықталғандар Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында. Әр облыста екі ғана адамнан. Ал, жаңадан құрылған үш облыста, сонымен қатар Қарағанды және Қостанай облыстарында мұндай фактілер тіркелмеген. 77 азамат пара алу кезінде ұсталған. 14 адам сыбайлас жемқорлыққа жол берсе, жеті адам қызмет бабын асыра пайдаланған, алты адам пара бергені үшін, тағы бес адам сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырған.
️