Министр мектеп асханаларындағы қымбатшылыққа қатысты пікір білдірді

143
21.09.2022 04:17

Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп асханаларындағы қымбатшылық жөнінде мәлімдеме жасады. Бас ұстаз буфеттегі тауарлардың бағасы көрші дүкенге қарағанда екі есе қымбат болатын жағдайлар да кездескенін жасырмады. Тиісінше қажетті шаралар әзірленгенін жеткізді. Оған сала мамандары тартылған. Енді қызметтерді жеткізушілермен азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы жаңа шарттар жасалғаннан кейін мектеп асханаларындағы бағалар, оның ішінде буфет өнімдері, сусындар және тағы басқасы қызмет көрсетушілердің қалауы бойынша емес, орташа нарықтық бағаларды ескере отырып қалыптастырылады, - деп жазды министр. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталындағы деректер базасы мен статистика органдарының ақпараты негізге алынады. Осы арқылы асханаларда бағаның көтерілуіне жол берілмейді деді ол.