Мектеп мәзірі

211
21.09.2022 04:14

Министрдің тапсырмасын басшылыққа алып мектеп асханаларының жұмысымен таныстық. Онда қазір фас фуд өнімдері мен энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынған. Бұл денсаулық министрлігі бекіткен қағидада нықтап көрсетілген. Мектеп әкімшілігі мұндай заңдылыққа бағынып жүр ме? Жалпы бір баланың тойып тамақтануы үшін қанша қаражат кетеді? Тілшіміз қаладағы бірнеше білім ошағына барып зерттеп қайтты. 

Жансұлу Момбекованың мектеп асханасында аспаз болып жүргеніне біршама уақыт болған. Ол өзі жасаған тағамдарын балалар сүйсініп жегенде басқаша күйде болатынын айтады. Сондықтан болар мейрамхана немесе дәмханада емес мектеп асханасында еңбек етіп жүр. Бала денсаулығы басты назарда екенін алға тартқан ол, үнемі дәмді, пайдалы тағам жасауға тырысатынын айтады. 

ЖАНСҰЛУ МОМБЕКОВА - АСПАЗ - Таңғы 7ден бастап келеміз. Балалардың тамағына кірісеміз. Балдардың тамағы. Сүті, шайы дайын болғаннан кейін барып, пісіретін өнімдерді пісіреміз. Таңертең және түстен кейін 2 мезгіл пісіреміз. 4907/ Менің пісірген тамағымды балалардың сүйсініп жегенін көріп, құлшынысып одан сайын артады. Тамақтарды одан сайын жақсы пісіруге талпынамын. 

Жалпы Түркістан қаласы бойынша 4700 бала ыстық тамақпен қамтылған. Ал тқтастай облыста 1-4 сыныпта оқитын 20 485 балаға тегін ас ауқат беріледі. 

АЙЫМ ТЕМІР – ОҚУШЫ - Маған сорпа ұнайды. Тамақтарымыз тәтті.  Вафли жейміз, кампот ішеміз. Картошка жеп отырмын. Ол да тәтті. 

Арнайы санаттағы балалар мезгіл тамақпен қамтылған. Бұл үшін бюджеттен, қаржы қарастырылған. Бұл көрсеткішті әр балаға шаққанда, теңгеден түседі. 

ОРАЗКҮЛ ҚОЛДАСОВА – ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - ҚР 2015 жылғы 5 мамырдағы 320шы бұйрығына сәйкес 6 жастан 18 жасқа дейінгі әлеуметтік топтамаға жататын балалардың барлығы бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылуы керек. Бүгінгі таңда Түркістан адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 4700 бала ыстық тамақпен қамтылған. 

Асхана мәселесіне қатысты министрлік бекіткен қағида бар. Онда сатылуға тыйым салынған тағамдар көрсетілген. Мәселен, фас фуд өнімдері мен энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынады. Сондай ақ, қуырылған, майлы және өзге де өнімдерге шектеу қойылған. 

ШАХНОЗА УМАРОВА – САТУШЫ - Бізде тамақтарды өзіміз пісіреміз. Булочка, блинчик, пирожки. Өзіміз пісіреміз. Майлы тамақтарды сатпаймыз. 

Десе де, кей асханалардан мұндай өнімдерді кездестіретініміз жасырын емес. Сондықтан алдағы уақытта Е-асхана жүйесі енгізілмек. Арнайы жүйе арқылы сіз балаңыздың қандай тағам тұтынғанын қарап отыра аласыз. Сондай-ақ Қанша мөлшерде қаржы жұмсағанын көре аласыз. Одан өзге, тұтынуға болмайтын өнімдерді шектеу пәрмені де енгізілген.