Қайрат Сатыбалды өз кінәсін мойындап, 12 миллиард теңгені өтеуге келісті. Осыны ескеріп айыпталушы сот жазыны жеңілдетінінен дәмелі. Айта кетейік Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс Астанадағы байқоңыр аудандық сотында өтіп жатыр. Алғашқы процесс 16 қыркүйекте болды. Ендігісі екі күннен кейін яғни 22 қыркүйекке белгіленді. Айыпталушы процесс барысын бұқаралық ақпарат құралдарының түсіруіне үзілді кесілді қарсы болды. Іс онлайн режимде өтуде. Айта кетейік, Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға "Өзгенің сеніміне кіру немесе алдау арқылы мүлкін бүлдіру" және "Өзгенің мүлкін меншіктеу немесе талан-таражға салу" баптары негізінде айып тағылған.
️