Алаяқтықтың жаңа түрі

171
21.09.2022 04:05

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Мемлекеттік кірістер комитеті құқықбұзушылар салық төлеу туралы жалған хабарламалар жібере бастағанын хабарлады. Олар арам пиғылдарын банктің мобильді қосымшалары арқылы іске асыруға көшкен. Яғни ұялы қосымша пайдаланушыларға мүлік және көлік салығын төлеу қажеттігі туралы хабарлайды. Сондай-ақ салық төлеушінің жеке кабинетіне электрондық тәсілмен жіберуі де мүмкін. Жауапты органдар алаяқтардың құрығына ілініп қалмау үшін Салықтарды төлеудің белгіленген мерзімдерін білу қажет дейді. Тиісінше хабарламалар сол мерзімге дейін әрбір салық бойынша жіберіледі. Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін  е-Salyq мобильді қосымшасы арқылы, ЖСН енгізіп тексеруге болады. Салық органының барлық есептеулері және төленген салық сомалары салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі. Осыған байланысты ақпарат алу үшін жеке тұлғалар  1414 нөмірі бойынша жүгіне алады.