Түркістандық полицейлер оқушыларға ашық есік күнін өткізді

252
21.09.2022 03:47

Түркістан қаласы полиция басқармасында ашық есік күні өтті. Оған шаһардағы білім беру ұяларының шәкірттері қатысты. Жиынның мақсаты полиция қызметінің ашықтығын, жариялығын көрсете отырып, халықпен жақындастыру. Сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметін дәріптеп, осы салада қызмет еткісі келетін жастардың қатарын көбейту. Ашық есік күні барысында оқушылар полиция ғимаратын аралап көріп, құзырлы орган өкілдерінің жұмысымен танысты. Шара барасында ізденушілерге жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, және балалар қауіпсіздігі жайлы да ақпарат берілді.