Теріскейге көш

204
21.09.2022 03:45

Солтүстік Қазақстан облысында жем-шөптің бағасы өзге өңірлерден қарағанда арзан. Себебі, 4 түлікке беретін азықтың көбі дәл осы аймақта өндіріледі. Сондықтан да теріскейде мал бағу мен асырау оңай. Тиімділіктің көзін таба білген жандар мемлекеттік бағдарлама арқылы түстікке қоныс аударып, мал шаруашылығын қолға алып отыр. 

Тоқтасын Мәутен қытай жерінде дүниеге келген қазақ. Солтүстікке қоныс аударғанына 3 жылдан асыпты. Қой бағып күнелтіп жүрген азамат «мұнда келгенде қойым 200-ден асатын еді» - дейді. Үш жылдың ішінде Шопан ата түлігі мыңға жетіпті.

Шаруаға жергілікті билік жайылым жер берген. Шөбі шүйгін, жері құнарлы болғандықтан кез-келген түлік тез көбейеді – дейді, Тоқтасын Мәутен

Тоқтасын секілді түліктің тұяғын көбейтуге мүмкіндік көп мұнда. Егер, мал шаруашылығымен айналысуға ниет етіп, солтүстікке көше қалсаңыз, жайылым жер мен тегін баспанаға да қол жеткізе аласыз. Онымен қоса көшіп келу шығыныңызды да мемлекет өз мойнына алады. 

БАУЫРЖАН БАРЖАНОВ – АҚЖАР АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ - 2016 жылдан бері 165 отбасы көшіп келді бізге...

3 жылдың ішінде Ақжар ауданында қоныс аударушыларға арнап 71 үй салынған. Дәл қазір оның 7-і бос тұр. Ауданға келіп жұмыс істегісі келетін жандарға бос тұрған баспаналар беріледі.