Ақтауда қала күніне орай кемелер шеруі өтті

413
20.09.2022 05:26

Ақтауда қала күніне орай Каспий теңізінде кемелер шеруі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала күніне орай Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бірқатар шарасы жоспарланған. Солардың бірі – теңіздегі кемелер шеруі. «Маңғыстау», «Орал», «Сарыарқа», «Қазақстан» Әскери-теңіз күштері корабльдері, «Жайық» гидрографиялық кемесі, «Алатау» мина-тралдық кораблі, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бес кораблі мен катері қатысқан шеру өтті», - деп мәлім етті ҚР Қарулы күштерінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрі және ансамблі қала тұрғындары үшін отан қорғаушыларға арналған патриоттық концерт ұйымдастырды. Саптық даярлық элементтерін және қарумен дефиле көрсеткен «Құрмет» қарауыл ротасының өнері көрермендерді тәнті қылды.