Қос қайраткерге құрмет көрсетілді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов пен түркология тарланы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Құлбек Ергөбек «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атанды. Аймақ әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің, қала берді Қазақстанның дамуына ерекше үлес қосқан азаматтардың еңбегін ерекше атап өтті. Сауытбек Абдрахманов Журналистика саласындағы Президент сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». «Парасат» орденімен, «Бірлік» алтын медалімен наградталған. Қазақ және орыс тілдеріндегі көптеген кітаптардың авторы, аудармашы. Ал, Əдебиетші, сыншы, Құлбек Ергөбек Түркітану ғылымының қарыштап дамуы үшін аянбай еңбек етті. Бүкіл түркі дүниесінің ортақ қазынасы «Бейсенбай Кенжебайұлының түріктану мұражайының» негізін қалаған. «Түркі тілдес халықтардың кітапханасын» жасақтаған. Профессор Құлбек Ергөбек — «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
️