Облыс әкімі құрылыс нысандарын аралады

204
20.09.2022 04:06

Сондай-ақ демалыс демей облыс әкімі Дархан Сатыбалды құрылысы жүріп жатқан жаңа нысандардың бірқатарын аралап шықты. Алғашқы табан тірегені облыстық полиция департаментінің жаңа ғимараты. Аумағы 4 мың шаршы метр, 470 адамға арналған нысанның қазірде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Содан соң аймақ басшысы 100 пайыз цифрлық жүйеге қосылған заманауи медициналық жедел жәрдем орталығына да бас сұқты. Инвестициялық жобамен салынған медициналық орталық 4  санат бойынша «алтын сағат» қағидасына сай жұмыс істейді. Облыс бойынша 140 жедел медициналық жәрдем бригадасы шақыртулар бойынша қызмет атқарады. Олимпиадалық резерв мектебі әкімшілік ғимаратының құрылысы да аяқталуға жақын. Дархан Амангелдіұлы мердігерлерге жұмысты ширату үшін қосымша қол күшін тартуды тапсырды. Сондай-ақ сапа басты назарда болып, көгалдандыруды тиянақты жүргізуді жүктеді.