Түркістанда өзгенің атынан тауарды несиеге алған азамат ұсталды. Алаяқтық жасаған ер адам жәбірленушінің танысы болып шықты. Ол жапа шеккен әйелді тауарлық несие алып, оны зейнетақы қорындағы ақшамен өтеуге болады деп сендірген. Және несие рәсімдеуге өзі көмектесетінін айтқан. Жәбірленушінің атынан алаяқ банкке сұрау жіберіп, мақұлдау алған соң, ақшаны өз шотына аударып алған.
ГҮЛНӘР АБДУЖАПАРОВА-ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның атынан белгісіз біреу 300 000 теңгенің тауарын несиеге алған. Жәбірленуші әйел несиесі барын бір айдан кейін банктен хабарлама келген кезде біліп, жергілікті полицейлерден жағдайды анықтауға көмектесуін сұраған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтыққа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
️