Кентауда облыс прокуроры орынбасарының қатысуымен жиын өтті

172
20.09.2022 03:56

Мемлекеттік органдардың қатысуымен қала аудан аралық жиналыс өтті. Ондағы негізгі мақсат өңірлік саясатты жетілдіру. Жиында жергілікті атқарушы, құқық қорғау саласындағы мәселелер жайы сөз болды. Атап айтқанда, әлеуметтік, инфрақұрылым және тұрғын үйге қатысты жағдайлар. Сондай ақ, жер мәселесі мен білім беру ұйымдарындағы түйіткілдер де назардан тыс қалмады. Осы ретте, өңірлік прокурорлар аталған мәселелерді шешу жолында нақты жұмыстар атқару керектігін жеткізді. Одан өзге, Кентау, Сауран аудандары мен Түркістан қаласы әкімдерінің атқарып жатқан жұмыстары бойынша есептері тыңдалды.   

Бұл негізгі осы мәселеге қатысты жергілікті атқарушы органдармен және құқық қорғау органдарымен атқаралыпы жатқан жұмыстардың негізгі бағыт бағдарына көңіл бөлініп отыр. Қандай жұмыстарды атқару керек мақсаттарымыз  олардың алдын алған бағыттарға арналған іс-шараға жиналыс болды. Барлық қала аудан әкімдерінің жұмыстары дұрыс деңгейде жүріп жатырн. Бірақ орын алған кемшілктер бар. Оған біз тиісті баға береміз.