Шетелдік көліктерді тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

132
20.09.2022 03:48

Түркістандық полицейлер шетелдік көліктерді тіркеу бойынша жүргізушілерге түсіндірме жүргізді. Қазіргі таңда ҚР ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар автокөліктерді заңдастырудың тиімді тәсілдерін әзірлеуде. Осы ретте, тиісті сала мамандары 1 қыркүйектен кейін әкелінген көліктер заңдастыруға жатпайтынын айтады. Сондықтан, шетел нөмірлі көлігіңізді тіркеп, заңға сәйкес құжаттандыруды ұмытпаңыз. Бүгінгі таңда автокөліктерді заңдастыру жөніндегі тапсырманы орындау басты міндет екенін естен шығармағаныңыз абзал. 

Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары. Мемлекет басшысымен 2022 жылыдң 1 қыркүйекке дейін ҚР алып келген барлық шетелдік көліктерді тіркеу бойынша тапсырма берген болатын. қазіргі уақытта барлық меемелер осыны жүзеге асыру бойынша тиісті экология және салық кодексіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. ІІМ тарапынан тіркеуге жататын көліктер тарапынан тізімдер анықталған.