Шардарада 215 мың шабақ құтқарылды. Тамыз айынан бастап Шардара су қоймасы, Сырдария өзені мен Қызылқұм каналдарында су деңгейі күрт төмендеп кетті. Салдарынан ондаған көлшіктер пайда болып, балықтарға қауіп төнуде. Табиғатты қорғаушылар су жәндігі қырылып қалмас үшін құтқару жұмыстарын күшейтті. Аталған іс-шараға мемлекеттік органдармен қатар табиғатқа жанашырлары, еріктілер және балық шаруашылығы саласындағы табиғатты пайдаланушылар да қатысып жатырШабақ құтқару жұмыстары қазан айына дейін жалғасады.
️