Түркістан облысындағы Төлеби ауданында ғұлама ғалым Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығына арналған халықаралық бесінші форум өтті. Жиынға қатысушылар шара басталмас бұрын Кеңесарық ауылындағы Бекасыл баба кесенесіндегі ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Толығырақ тілші бейнематериялында.
Алдымен Бекасыл Биболатұлы жайлы азды-кем ақпар. Ол 19 ғасырда Сайрам, Қарнақ, Ташкент, Самарқанд қалаларында білім алған. Теология, астрология, астрономия, математика, философия ғылымдарын терең меңгерген ғұлама. Бұған қоса, шипагер, Ислам қағидаттарын, өмір салтын терең меңгерген жан. Өз туған жерінде медресе ашып, балалардың білім алуына жағдай жасаған ұстаз. Бірнеше кітаптың авторы, өкінішке орай бізге жеткені тек «Зикзал» атты ғибрат туындысы ғана.
Ұлылардың есімі ұмытылмақ емес. Осыны ту еткен қазақ-қырғыз зиялылары Бекасыл Биболатұлының туған жері Төлеби ауданында халықаралық форум өткізді. Келелі жиынға Қазақстан Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаева арнайы қатысып мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.
Құттықтау хат форум ұйымдастырушысы, генерал Ержан Исақұловқа табысталды. Өзге де жиналған зиялы қауым өкілдері ғұламаның еңбегі орасан екенін айтып, оны кейінгі ұрпаққа насихаттау парыз екенін жеткізді.
Сондай-ақ жиында бас қосқандар Кеңесарық ауылындағы Бекасыл Биболатұылының кесенесіне барып құран бағыштап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
️