Түркістан облысы вакцина салдыру көрсеткіші бойынша көш бастады

265
14.06.2021 22:17

Түркістан облысы вакцина салдыру көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Бүгінде өңірде 293 мыңға жуық адам бірінші компонентті қабылдаған. Нәтижесінде соңғы 2 аптада індеттің жұғу қарқыны 2 есеге төмендеген. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде эпидемиологиялық тексерулер барысында нақты инфекция ошақтары анықталды. Атап айтқанда, науқастардың 30 пайызы індетті мерекелік кафе, отбасылық шараларда, ал 45 пайызы қоғамдық көліктер мен базарларда жұқтырады екен. Дегенмен бүгінде бұл өңір коронавирустық инфекцияның таралу көрсеткіші бойынша жасыл аймақта.