Алматыда "Атакент" халықаралық көрме орталығының алдында сауық-кешіне жиналған студенттер жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Turkistanzaman Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жаппай төбелеске Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері қатысқан. Қазір олар ұсталды. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.
"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі", - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
️