Спорт саласын дамытуға барлық жағдай жасалады. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі спорт нысанының құрылысымен танысты. Бүгінде мұнда Орта Азияда баламасы жоқ спорттық кешендері бар ескек есу каналының екінші кезеңі жүргізілуде. Қалалық әкімшілік-іскерлік орталықта салынған нысанның аумағы 100 гектарға жуықтайды. Спорт кешені құрылысының екінші кезеңінде әкімшілік ғимараты, қонақүй, бассейн, қайық тұрақтары салынады. Сондай ақ, жазғы кинотеатр мен аралды қосатын көпір және өзге де нысандар бой көтереді. Бұдан бөлек өңір басшысы 13 гектар аумақты қамтып жатқан жасанды көл құрылысы алаңында болды. Әлемдік стандартқа сай «Мұз сарайының» жұмысымен де танысты. Айта кетейік, қалада салынып жатқан ғимараттардың барлығында көне шаһардың тарихи келбеті сақталады.
️