Самарқандта ШЫҰ мемлекеттері Президенттерінің жиыны өтті

193
19.09.2022 05:23

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Ол үшін кеше Өзбекстанға сапарлап барды. Ұшақтан түскен бойда президент «Жібек жолы» туристік орталығына барып, ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларымен бірге ағаш отырғызды. Бұдан кейін, саммитке орай тұрғызылған «Мәңгілік қала» кешенін аралады. Айта кетсем, саммит жұмысы екі күнге жоспарланған. Бұл жолы көне шаһарда 14 елдің президенті бас қосып отыр. Биылғы жиынның мән-маңызы ерекше, ұйымның географиялық аумағы кеңейеді. Самарқанда «Шанхай сегіздігіне» Иран қосылып, «тоғыздыққа» айналады. Жиында геосаяси ахуал, әлем мен аймақты алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланып, бірқатар маңызды құжат бекітіледі деп жоспарланып отыр.