Биыл Шәуілдірліктердің көптен күткен арманы орындалады. Аудан орталығын қысқа дейін көгілдір отынмен қамтылатын болды. Жағымды жаңалықпен аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов тұрғындармен кездесуде бөлісті. Одан өзге аудан орталығында жүйелі жұмыстар жалғасын тауып келеді. Мәселен Шәуілдір ауылындағы С.Сейфуллин көшесіне асфальт жол төселсе, ауыл округінің 4-ші бюджеті есебінен үш көше жарықтандырылды. 900 мың теңгеге көп қабатты үйлер аумағына қоқыс жәшігі орнатылды. Сонымен қатар ауыл округінің 4-ші бюджеті есебінен Жанұзақов көшесінің бойынан балаларға арналған кіші футбол мен волейбол алаңы салынбақ. Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына тыңдады. Азаматтар техника бар бірақ жер жетіспейтінін тілге тиек етті.
Жиында айтылған ұсыныс-пікірлер басты назарға алынып, орындалуы заң аясында оң шешімін табатынын жеткізді. Мұнан соң аудан орталығы алдағы жоспарларымен таныстырды. Шәуілдір ауылындағы Әбдірайымов, Жақсылықова, Тұяқбаев, Сарыжайлау, Мұңайтпасов көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі-деді әкім.
️