Қазақстанда алғаш рет Қазақстанның әр өңірінен келген жайдарманшылар аудан әкімінің кубогы үшін сынға түсті. Барлығы 8 команда қатысқан әзіл бәйгесі тартысты өтті. Аламанда төбе көрсеткен жас ұжымдар да тәжірибелі топтармен иық тірестіріп өнер көрсетті. Сайысты Жайдарман ойындарының жетекшісі Есен Елеукен арнайы келіп, жүргізді. Ол елімізге белгілі командалардың басын құрап, Жайдарман сайысын өткізген Сайрам ауданы өзге аймақтарға да үлгі екендігін жеткізді.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге. Сайыс нәтижесінде Сыр өңірінен келген «Қазалы» командасы жеңімпаз атанды. Ал, екінші орынды Ұлттық сапа, үшінші орында Оралдан келген Еурополис құрамасы иемденді.
️