Шаруалар екі мың тонна қарбыз экспорттады

131
14.06.2021 22:11

“Бір алқаптан – үш өнім”. Бұл жоба биыл Түркістан облысы Жетісай ауданында бірінші рет қолға алынды. Нәтижесінде, ол  өз тиімділігін көрсетіп, қожалық 1,5 га жерден 11 миллион теңгеге жуық табыс тапқан.  Яғни, ерте көктемде бірінші өнім – қырыққабат егіліп, оның жақсы түсімін көрген шаруалар дәл қазір екінші өнім қарбыз жинап жатыр.