Қазақстанда 3,5 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж

263
19.09.2022 04:42

Қазақстанда 3 жарым мыңнан астам адам ағза ауыстыру үшін арнайы кезекте тұр. Оның 3254- і бүйрек, 172-сі бауыр, 153-і жүрек және 17 адам өкпе ауыстыруға мұқтаж. Дін және заң бойынша ағза ауыстыруға  ешқандай шектеу болмағанымен отандық трансплантология саласы дамымай отыр. Бұған не себеп? Осы және медицина саласындағы басқа да өзекті проблемалар халықаралық ғылыми конференцияда сөз болды. Түркістанда бас қосқан еліміздің, сондай-ақ Азия елдерінің  үздік дәрігерлері екі күн бойы өзара тәжірибе алмасып, арнайы шеберлік сыныптарын өткізуде. 

Әлем бойынша трансплантациялық оталар Испанияда жасалуда. Америкадан да озып отыр Испания. Ал бізде совсем аз ғой. Бізде бар болғаны жүрекке жасағандары 40-тай ауруға, ал былтырғы жылы тек 5 науқасқа жасалған. Жүрекке өте аз. Көбірек жасалып жатқаны бүйректі алмастыруға. Өйткені 70 проценті туғандары береді.