426 жемқорлық қылмысы. Бұл Түркістан облыс мәртебесін алғалы тіркелген қылмыстар үлесі. Оның 96-сы мемлекеттік сатып алуға қатысты. Бұл жайында бизнес өкілдері мен құқық қорғау саласы қызметкерлерінің кезекті басқосуында мәлім болды. Жалпы биылғы жылдың өзінде кәсіпкердің құқығын қорғау саласындағы заң бұзушылық бойынша 58 прокурорлық акт енгізілген. Ал 17 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы заң аясында қорғалды. Құқығын қорғаудан өзге, жауапкершілікке тартылған тұлғалар да бар. Мәселен, 39 лауазымды тұлға мен 4 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
️