Мылтығын ережеге сай сақтамаған 5 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ 700 ден аса заңсыз сақталған қару тәркіленген. Полицейлердің айтуынша, қаруын өз еркімен тапсырған 650 адамға 54 млн теңге сыйақы беріліпті. Айта кетейік, қазір республика бойынша «Қару», «Құқықтық тәртіп» өңірлік және республикалық жедел алдын алу іс-шаралары тұрақты өткізілуде. Мәселен соңғы 5 жылда 10 мыңнан астам қару мен оқ-дәрі тәркіленген. Қаруын өз еркімен тапсырғандарға төлемді облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылған комиссия белгілейді.
️