Халықаралық ғылыми медициналық конференция басталды

323
16.09.2022 06:18

Заманауи травматология және ортопедия көкжиектері. Осындай атаумен Түркістанда ғылыми конференция басталды. Екі күнге жоспарланған шара медицина саласын дамытуға арналмақ. Одан өзге, онда әлемнің жетекші елдерінің ғалым, докторлары өз тәжірибелерімен бөліседі. Ғылыми-тәжірибелік басқосу жайында тілші баяндасын. 

Травматология және ортопедия саласын дамытуға арналған ғылыми конференция Түркістан қаласында алғаш рет өтіп отыр. Халықаралық ғылыми басқосуда әлемнің 15 елінен келген ғалым докторлары өз тәжірибелерімен бөліспек. Атап айтқанда, Ұлыбритания, Ресей, Түркия мемлекеті мен Германия, Қытай елдерінің ғалымдары бар.  Сондай ақ, еліміздің түкпір-түкпірінен келген травматолог-ортопедтер қатысуда.

НАҒМЕТ ҚАПАНҰЛЫ – НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ - Cүйектердің деффектісі болады. іріңдеп жеп қояды, туберкулезден желінеді. Онкологиялық процесстерден сүйек жеп қояды. Сондай жағдайда сүйекті ауыстырады. 3 д с.йекті бірінші томорф өткзіп аламыз, сол формасы бойынша деффекті толтыратын қылып, 3 дмен жасалған печатты деффекті толтырамыз. Осындай заманауи технология Қазақстанда жасалынып жатыр. 

Шараның алғашқы күнінің өзінде 250-ден астам адам қатысты.  2 күнге жоспарланған конференция гибридті форматта өтуде.  Яғни, шекара асып келе алмаған ғалымдар онлайн режимде қатысуға мүмкіндігі бар. Одан өзге, ғылыми басқосу аталған саланың соңғы жетістіктері мен мүмкіншілктері таныстырылды. 

ОЛЖАС БЕКАРЫСОВ - ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ - Конференцияның мақсаты біздің Қазақстандық әріптестерімізге травматология және ортопед жаңа технологияларды алып келіп, көрсетіп, бүкіл дүние жүзінде қандай жаңа технологиялар болып жатқанын осы жерге келіп, естіп енгізіп оның барлығының біздің науқастарымызға пайдасы бар. 

Конференцияның екінші күнінде  Нұрлан Жұмағалиұлына арналған «Батпенов оқулары» өтеді. Ол аталған салаға өлшеусіз үлес қосқан бірден бір дәрігер. Байқауда 40 жастан аспаған тұлғалар баяндама жасамақ. Сайысқа қатысатын медицина саласының қызметкерлері мен студенттеріне жүлде қоры да қарастырылған. Үздік баяндама иесіне 1000 АҚШ долллары көлемінде  ақшалай сыйақы тағайындалған.