Түркістан облысының дәрігерлері республикалық спартакиадада жалпыкомандалық есепте топ жарды. Таразда өткен дүбірлі додада өңір дәрігерлері қарсылас шақ келтірмеді. Үздік спортшы атанған ақ халатты абзал жандарды бүгін бірден екі басқарма басшылары марапаттады.
Түркістан дәрігерлері үздік спортшы атанды. Облыстық спартакиадада сайдың тасындай іріктелген дәрігерлер республикалық таразда өткен сайыста 5 спорт түрі бойынша сынға түскен. Мақтаарал ауданының командасы футболдан өңір намысын қорғады. Олар Жамбыл облысы құрамасымен тартысқа толы ақтық бәсекеде жеңісті жұлып алып әкеткен. Ал 4-і дәріжелі фельдшер болып жұмыс істейтін Ахмет Оқап үздік сұрмерген атанды.
АХМЕТ ОҚАП - СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ - Түркістан облысының намысын қорғап, бірінші орын алдық. Спартакиадада ең қиын қарсылас Тараз болды. Олар местный, одан қалсы мықты екен. Таразда спорт жақсы дамыған. Соған қарамастан барлығын жеңіп, бірінші орын алдық. Мен 13 гол соғып, үздік бомбардир атандым.
Осылайша, топ жарған спортшыларды қос басқарма басшылары марапаттады. Қанат Жолдықараев пен Марат Пашимов алғыс хаттар мен спорттық сөмке сыйға тартты. Кіші футбол, волейбол, жүзу, бильярд және кіші теннис спорт түрлері бойынша өткен турнирде Түркістан қаласы, Түлкібас, Бәйдібек, Келес пен Сауран аудандарындағы ауруханаларының дәрігерлері бақ сынады.
ЖАЗИРА МУСЛИМОВА - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - 5 спорт түрінен өткен жарыста біздің команда бес спорт түрінен бірінші орын, тек теннистен екінші орын алды. Дегенмен, 118 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Біз пандемиямен күрестік, қаншама өзге дерт бар. Соның барлығымен күрескен ақ халатты абзал жандар. Ең бірінші профилактика дейді. Ең бірінші дене шынықтыру.
Атап өтер жайт, қос басқарма ақ халатты спортшыларды жаттықтыру үшін бірлесе еңбек еткен. Қоғамдық денсаулық басқармасы дәрігерлерді жұмысынан уақытша босатып, жаттығуға уақыт берсе, дене шынықтыру басқармасы оларды баптаумен айналысқан.
️