Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтті

482
15.09.2022 04:55

Елордада Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII съезі басталады. Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан жиын дұға жасауға арналған бір минут үнсіздікпен басталды. Съездің пленарлық отырысы «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» тақырыбына арналған. Екі күнге созылатын құрылтайға 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, синтоизм, даосизм, зороастризм діндерінің өкілдері, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың мүшелері мен саяси және қоғам қайраткерлері қатысып жатыр. Форумға Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау арнайы келген. Жиынның соңында декларация қабылданбақ. Бұл құжат БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының ресми құжаты ретінде таратылмақ. Еске салайық, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезі 2003 жылы Астанада өткен еді.