Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа елдімекен құрылады

399
15.09.2022 04:32

Түркістан облысы, Сауран ауданы тағы бір жаңа елді мекенмен толығады.Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы отырысында айтылды. Су жаңа елді мекен Ескі иқан ауылдық округі аумағыннан құрылмақ. Одан бөлек жиын барысында түрлі саладағы қордаланған мәселелер қаралды.

 «Сауранның» атауы тарихтан бәрімізге таныс болғанымен облыста аудан болып құрылғалы көп болмады. Бүгінде қарамағында 12 ауылдық округі, 35 елдімекені бар ауданда тағы бір ауыл бой көтереді.Ескі иқан аумағын қамтитын мекенге ұлы ойшыл, этнограф тарихшы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аты берілетін болды. Бұдан басқа сессия отырысында өңірдегі мәселелер де айтылды. Мәселен, 2 жылдан бері жыры бітпей келе жатқан «Қостөбе» мектебінің жай-күйі талқыланды. Төле би ауданында орналасқан мектеп биыл жарамсыз болғаны үшін оқушылар онлайн оқуға көшкен. Бірақ ауылда интернет сапасы нашар екен. Әзірге оқушылар көрші Қаратөбе мектебіне барып оқуға мәжбүр. Алдағы қыс ауасында таулы аймақта ауылдан ауылға қатынап жүру де қиямет екені белгілі. Қайтпек керек деген депутат сауалына облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек былай деп жауап берді.

Мәслихат сессиясында Отырар ауданындағы Шәуілдір мен Көксарай ауылын жалғайтын 30 шақырым жолдың жағдайы да сөз болды. Былтыр басталған жөндеу жұмыстарын мердігер компания мойнына алған. Қымбатшылықтың кесірі болса керек, уақыт өте келе компания бұл жұмыстардан бас тартыпты.  

Сессия соңында облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі халықтың жағдайын жақсарту мақсатында алдағы атқарылар жұмыстарды белгіледі.Сосын Мемлекет басшысының жолдауына жеке-жеке тоқталып, алға қойған мақсат міндеттерді жүйелі түрде орындауымыз қажет екенін баса айтты.

Бұдан бөлек отырыста мәдениет саласына қатысты мәселелер ,сонымен қатар бос жатқан жайылым жерлерді қайтаруға бағытталған ұсыныстар айтылды.Содан соң облыс әкімі бірқатар азаматтарды облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Түркістан облысының Құрмет Грамотасымен, «Үздік депутат» төсбелгісімен марапаттады.