Түркістан қаласының спортшылары халықаралық додадан жеңіспен оралды

221
15.09.2022 04:27

Түркістан қаласының спортшылары халықаралық додадан жеңіспен оралды. Белбеу күресінен Өзбекстанда өткен  әлем чемпионатында Қазақ балуандары сәтті өнер көрсетті. Жеңімпаздар қатарында  Түркістан қаласының спортшылары да бар. Ел мерейін үстем еткен спорт саңлақтарын қала әкімі құттықтап, сәттілік тіледі.   

Белбеу күресі қазақ күресіне өте ұқсас. Бұл төл спортымызға өте жақын болғандықтан қазақ балуандарына қиын соққан жоқ. Сондықтан нәтиже күткендегідей болды.   

ӘБСАДЫҚ ХАЛИЛЛАЕВ- ҚАЗАҚСТАНҒА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ - Белбеу күресінен келетін болсақ бұл татар халқының ұттық спорт түрі. яғни біздің қазақ күресі секілді ұлттық спорттарын дамытуға үлкен жұмыс істеліп жатыр. Сол себептен бұл жарыс қазір Ташкент қаласында өтті. Түбі Татарстан олар да олимпиадалық спорт түріне дейін жеткізуге үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. 

Тоқтарбек Айдарбек отбасымен бірге спортпен шұғылданады. Бауыры Жәнібек екеуі осыған дейін Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Өзі Қазақстанның күрс пен самбодан чемпионы. Әкесі Жақыпбек Қасымбек жаттықтырушы.  24 жастағы жігіт 12жылдан бері күреспен кәсіби түрде шұғылданып келеді. 

ТОҚТАРБЕК АЙДАРБЕК- БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ - Мен үшін өте сәтті болды. 4 кездесу өткізіп төртеуін де жеңдім. Біріншісі өзбек екіншісі орыс болды. Финалда екі қазақ шығып күрестік. Бүл белбеу күресінің тарихында тұңғыш рет болды екі қазақ шығып белдескені. 

Бұл додаға қатысқан Гүлзира Құдасбек 58 келі салмақта Айнұр Ақжігітова 66 келі салмақта қол жүлдеге ие болды. Бұл көрсеткіш өңір спортшылары үшін айтарлықтай жетістік.  

ӘБІЛСЕЙІТ ДҮЙСЕБАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚҰРМЕТТІ ПРЕЗИДЕНТІ - Батырларымызды  жаттықтырып жүрген жаттықтырушылар Қасымбек Жақыпбек осындай ғой. Халиллаев Әбдісадық сіздерге құтты болсын дейміз. Осындай жеңісті күндерде кездесе берейік. Спортшыларымыз жүлделі орындарға ие бола берсін.

НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ - Негізгі нәтиже осындай жеңіс тұғырынан көріну. Ол енді біздің қаламыздың атын ары қарай шығара береді деп ойлаймын.  Қала облыс орталығы болғалы бері қарыштап дамып келеді.Сол себепті қала халқының атынан біздің осы спортшыларымызға, жаттықтырушыларымызға алғыс айтқым келеді. 

Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы 5 алтын 2 күміс 8 қола медальға ие болды.   Жалпы командалық есепте еліміз екінші орыннан көрінді. Оның ішінде Түркістан облысының спортшылары 3 алтын 3 қола медальға қол жеткізген.