Түркістан облысындағы Жетісай ауданында мақта терімі басталды

253
14.09.2022 07:02

Еліміздегі ақ мақтаны өсіретін бірден бір өңір - Түркістан облысында мақта терімі басталды. Биыл облыста мақта дақылының егіс көлемі 126,3 мың гектарды құрады. Бұл жалпы егістіктің 15 %. Бүгінгі күнде Жетісай, Мақтаарал аудандарында жиын-терім жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы бұл салада 25 мыңнан астам агроқұрылымдар еңбек етеді. Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді және Ливерпуль мақта биржасының Индексіне сәйкес белгіленеді. Өткен жылы шитті мақтаның тоннасы 320 мың теңгеден қабылданды. Бұл өз кезегінде мақта шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдардың әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізді. Бүгінгі күнге мақта бағасының 1 тоннасы 374 мың теңгені құрап отыр. Шитті мақтаны қабылдау үшін 18 мақта өңдеу зауытының 209 бірлік қабылдау бекеттері жұмыстарын жүргізеді.