Нұр-Сұлтан дәстүрлі діндер съезіне дайындалуда

235
14.09.2022 06:55

Елордада өтетін дәстүрлі діндер съезі бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Оның бір себебі, Рим папасы Францисктің қатысуы. Сондықтан, еліміздің атаулы шараға дайындығы әлемдік баспасөз беттерінде жарияланып жатыр. 

Рим Папасы Францисктің Қазақстанға аттануы әлемдік баспасөздің негізгі жаңалығының біріне айналды. Оның бірінші кезекте, патриарх Кириллмен жоспарланған кездесуі негізгі себеп еді. Алайда, православ шіркеуінің басшысы Нұр-Сұлтанға келуден бас тартты. Дегенмен, понтифик дәстүрлі діндер съезіне келді. Оның дұғасын көруге 3000 адам жиналады деп күтілуде. Тіпті, алыс-жақын шетелден арнайы туристер де келіп жатқанға ұқсайды. Дегенмен, еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осы жиын бірқатар алауыздықты шешу алаңына айналатынына сенім білдірді.

Осылайша, православ шіркеуінің атынан отандық дін қызметкерлері сөз алады. Олар, саяси дағдарыс пен сұрапыл соғыстың кесірінен патриарх Кириллдың келе алмайтынына ренжулі екендерін жасырмады.

ДМИТРИЙ БАЙДЕК -  УСПЕН СОБОРЫНЫҢ ПРОТОЙЕРЕЙІ - АУДАРМА: Біз қазір адамдар бір-біріне құлақ аспайтын аласапыран заманда өмір сүріп жатырмыз. Бет қараспастай, бөтен күйге жеттік деуге болады. Әлемдегі басты дінбасылар бір үстел басында отырып, пікір алмасуы өте маңызды. Мемлекет басшылары да өз дінбасыларын тыңдап, шиеленісті төмендетеді деген сенімдемін.

Қазақстандағы католик шіркеуінің ресми өкілі дәстүрлі діндер съезі еш пайдасыз жиын болмаса екен дейді. Осы диалог алаңында келісім орнайтынына бүкіл мүмкіндік жасалды. тек соны біз пайдалануымыз керек деді Петр Пытлованы.

ПЕТР ПЫТЛОВАНЫ  -  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КАТОЛИК ЕПИСКОПТАРЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ - АУДАРМА: Қазақстан диалогты формальді ұранға емес, ұлттық брендке айналдыра білген мемлекет. Енді тек конгресс кезінде емес одан кейін де пікір алмасып, барлық проблеманы саяси мінбер емес, ғибадат орындарынан асырмай шешуді дәстүрге айналдыру керек. Барлық адам бір-біріне бауыр. Сондықтан, осы конгресс бүкіл әлемге бір месседж жолдайды деген сенімдемін. 

Алдын ала жария етілген мәліметтерге қарағанда, іс-шараға әлемнің 60 елінен 100-ден астам делегация қатысады. Дәстүрлі діндер съезіне шейх аль-Тайеб пен ұлы имам Аль-Азхара қатысады деп күтілуде. Патриарх Кириллмен кездесуінің болмайтыны белгілі болған Рим Папасы Францис ешкіммен  екіжақты келіссөз жүргізбейді.