Көкшетау және Петропавл қалаларында 9,5 тонна спирті бар сұйықтық тәркіленді. Аталған факт Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде анықталды. Ведомство өкілдері жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық, бос пластик ыдыстар, дайын алкоголь өнімдерін тәркілеген. Құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 18,5 миллион теңгеден асады. ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
️