Түркістанда өткен «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңы тартысқа толы болды. Бұл жолғы жиында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын насихаттау. Ондағы 5 бағдардың ел үшін маңыздылығы, халық арасында ақпараттандыру және облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы пікір алмасулар болды. Одан бөлек, аймақтың белсенді тұлғалары ішкі нарықты реттеу, жергілікті жолдардың сапасын арттыру, жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, білім саласындағы түйткілдерді шешу және маманданған кәсіп иелерінің санын көбейту мәселелерін қозғалды.
Жолдар салынған соң материалдың орнығатын өзінің уақыты болады. Бірақ кейбір азаматтар оны күтпей кемшілік іздеуге тырысады. Президентіміз өз Жолдауында саланың осындай кемшін тұстарын назарға ала отырып, дұрыс шешімдер қабылдауда-дейді Ролан Ибрагимов. Ол жолдаудағы бағдарлар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізеді деген сенімде. Ал, Айнұр Ыдырысованың пікірінше жергілікті жолдардың құрылысына баса мән берілсе жұмыс жүйеленеді. Ол үшін білікті сала мамандарын тарту керек.
Ал, облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов кәсіпкерлікке балаларды жастайынан шыңдау керектігін алға тартты. Рухани әрі өркениетті ел болу үшін алдымен әділеттілік болу керек деген пікірімен де бөлісті. Профессор, журналист Бекжігіт Сердәлі білім саласының мамандарын шетелде тәжірибе алмасуға қолдау білдірілсе олардың деңгейін көтеруге сеп болатын еді деген ұсынысын жеткізді.
Спикерлер әр бағытқа кеңірек тоқталып, сұрақ-жауап барысында бірқатар мәселенің түбірі анықталды.Жиынды осылай қорытындылаған Бейсен Тәжібаев жергілікті жерлердегі халық пен қоғам белсенділерінің үнін жеткізу ең басты мақсаттардың бірі екенін атап өтті.
️