Түркістан облысы бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде көш бастады

279
13.09.2022 04:45

Түркістан облысы «бизнесті жүргiзу жеңiлдiгi» рейтингінде екінші рет көш бастады. Бұл рейтингте 50% статистикалық көрсеткіштер, қалған жартысында кәсiпкерлермен жүргізілген сауалнама нәтижесі сараланады.  Айта кетейік биыл облыстағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 160 мыңға жетті. Оның басым бөлігі тиісінше аграрлы салада қызмет етеді. Сондай-ақ сауда, туризм, өндіріс, қызмет көрсету бағытының да даму қарқыны жоғары. Жалпы биыл облысқа тартылған инвестиция 773 млрд. теңгеге жетпек.