Жетісайдағы базар құрылысы жүріп жатыр

232
13.09.2022 04:39

Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы өртенген «Күлпаршын» базарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. Құрылыс барысы аудан әкімінің жіті бақылауынлда. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстарына 15 техника жұмылдырылған. Ауданы 2500 шаршы метр болатын аумақты бетондау жұмыстары аяқталды. Базардың инфрақұрылымдық жүйелері кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде. Өңірге көршілес жатқан аудандардан 30 дан астам контейнерлер жеткізілді.